2025 жылдың 14 мамыр күні №62 мектеп-лицейінде №4 жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында күн тәртібіндегі келесі сұрақтар қарастырылды:

  • 1. «Жазғы демалыс кезіндегі оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында Астана қаласының ПБ инспекторы полиция майоры Б.Откульбаева дәріс оқыды, ата-аналардың сұрақтарына жауап берді;
  • 2. «Балалардың қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі» тақырыбында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар комитетінің қызметкері С.Ауельбеков дәріс оқып, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдарымен таныстырды.
  • 3. «Балдырған» мектеп жанындағы лагерьдің қызметі туралы ата-аналарға толық ақпарат берілді. Ағымдағы жылдың 2 маусымында іске қосылатын лагерьге балаларды қабылдау ережесі, жоспары, бағыттары мен маусым аралықтары түсіндірілді.
  • 4. «Дидарлы жаз» спорттық лагеріне қабылданатын 5-8 сынып оқушыларының жас ерекшеліктері ескеріле отырып, түрлі спорттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылатыны туралы ақпаратты қосымша білім беру педагогы С. Сарсенбенов ақпарат берді.
  • 5. «Жасыл әлем» экологиялық лагерінің ерекшеліктері, жоспары мен жауапты мамандар туралы ақпаратты директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Кабышева берді.

Сонымен қатар, ата-аналарда туындаған түрлі сұрақтарға мектеп директоры А.Хазиева жауап берді.