2025–2026 оқу жылының басында №62 мектеп-лицейінің әлеуметтік паспортына сәйкес төмендегі санаттағы оқушылар бар:
«АӘК алушылар» санатына жататын отбасылардан – 36 оқушы;
«Өзге санат» бойынша – 110 оқушы;
Көпбалалы отбасылардан – 91 оқушы;
Жетім балалар – 5 оқушы.
Мектептің «Жалпыға бірдей білім беру» («Всеобуч») қоры есебінен аталған санаттағы әрбір балаға мектеп формасы мен оқу құралдарын сатып алу үшін 46 228 теңгеден қаржы бөлінді. Жалпы бөлінген қаражат көлемі – 11 187 176 теңгені құрады.
Сонымен қатар, «Мектепке жол» акциясы аясында аудандық әкімдіктің қолдауымен мектеп сөмкелері мен оқу құралдары түрінде материалдық көмек көрсетілді.
Оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету қызметін «АЛИ ЖАС ИК» ЖШС көрсетеді. №62 мектеп-лицейінде тегін ыстық тамақ 1–4 сынып оқушыларына, жетім балаларға және аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға ұйымдастырылған.
1–4 сыныптар бойынша тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылар саны – 1179 бала.
Сонымен қатар, 5–11 сынып оқушыларының келесі санаттарына да тегін ыстық тамақ беріледі:
аз қамтылған отбасылардан – 140 оқушы;
қамқоршылықтағы балалар – 4 оқушы.
Әлеуметтік педагог: Бейсенова Мерей Иманбердиевна
Телефон: 8 771 277 07 32
Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
