ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
2026-2027 оқу жылында Астана қаласының мектептеріне бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 27 мамырда басталып, 31 тамызда аяқталады.
Мектепалды даярлық бағдарламасын меңгерген және сол мектепте оқуын жалғастыруды қалайтын балалар ата-анасының өтініші негізінде мектепке қабылданады.
Барлық мектептерде (дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерді қоспағанда) бірінші сыныпқа қабылдау емтихансыз жүргізіледі.
Құжаттарды тапсыру тәсілдері:
Электрондық түрде: www.egov.kz порталы арқылы
Қағаз түрінде: мектепке барып, жеке тапсыру
Қажетті құжаттар:
Ата-ананың немесе заңды өкілдің өтініші;
Баланың туу туралы куәлігі;
Ата-ананың (заңды өкілдің) жеке куәлігі;
№ 065/у «Егу паспорты» және № 052-2/у «Баланың денсаулық паспорты»;
Көлемі 3х4 см баланың фотосуреті.
Ескерту: Мектеп әкімшілігі Сізден тізімде көрсетілмеген құжаттарды талап етуге құқығы жоқ.
? Мектептердің қызмет көрсету аумағына (микроучаскелерге) бекітілуі туралы ақпаратты Астана қаласы Білім басқармасының ресми сайтынан [https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-bilim?lang=kk] білуге болады.
Құжаттар жұмыс күндері (дүйсенбі–жұма) қабылданады.
? Мектептер арасында балаларды ауыстыру:
Құжаттарды қабылдау және мектеп ауыстыру келесі жағдайларда жүзеге асырылады:
* Соттың заңды күшіне енген шешімі болғанда;
* Бір елді мекен ішінде немесе басқа жерге қоныс аударғанда (тұрғын үй құқығын растайтын құжаттар болған жағдайда);
* Қазақстаннан тыс жерге шыққанда (растайтын құжаттар ұсынылса);
* Бала зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке немесе буллингке ұшыраған (немесе куәгер болған) жағдайда.

Мектеп директоры: Хазиева Альфия Халельевна 8 777 735 29 60
Бастауыш сыныптардағы оқу жұмысы жөніндегі директордың орынбасары: Бельгебаева Айнагуль Сатыбекқызы 8 775 457 40 44
Қабылдау комиссия хатшысы: Мейрам Мадина Нурболаткызы 8 707 610 06 04