Іс-шаралар

Ынтымақтастық туралы меморандум аясында Astana Polytechnic жоғары колледжі 2026 жылғы 1 маусымда мектеп жанындағы лагерьге қатысатын оқушыларды Балаларды қорғау күніне және Astana Polytechnic жоғары колледжінің Ашық есік күніне арналған мерекелік іс-шараға шақырды.

Оқушылар үшін мазмұнды әрі қызықты бағдарлама дайындалды: концерттік қойылымдар, тартымды шеберлік сабақтары, танымдық алаңдар және көптеген жағымды тосынсыйлар ұйымдастырылды. Іс-шара балалардың уақыттарын көңілді әрі пайдалы өткізуіне ғана емес, сондай-ақ колледждің қызметімен және білім беру мүмкіндіктерімен жақынырақ танысуына зор мүмкіндік болды.

22 мамыр күні мектепте «Akelius» жобасы аясында «Жаңа технологиялар арқылы тіл үйрену» тақырыбында тәжірибелік семинар ұйымдастырылды. Семинардың негізгі мақсаты – заманауи цифрлық платформаларды тиімді пайдалану арқылы оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту және педагогтердің тәжірибе алмасуына жағдай жасау.

Іс-шара барысында Жандос Сайлауұлы Мырзабеков педагогтерді «Akelius» білім беру платформасының мүмкіндіктерімен таныстырып, тіл үйретудегі тиімді әдіс-тәсілдермен бөлісті. Қатысушылар интерактивті тапсырмалар, цифрлық ресурстар және оқушылардың қызығушылығын арттыруға бағытталған инновациялық технологиялардың қолданылу ерекшеліктерін талқылады.

Қатысушылар жаңа технологиялардың тіл үйрену үдерісіндегі маңыздылығын атап өтіп, оқыту сапасын арттырудағы тиімділігін көрсетті.

Семинар қорытындысында педагогтер заманауи білім беру технологияларын оқу үдерісіне енгізудің маңызын атап өтіп, алдағы уақытта да тәжірибе алмасу жұмыстарын жалғастыруға ниет білдірді.

 

2026 жылғы 10 сәуірде мектебімізде «Жасанды интеллект ғылыми таным құралы ретінде: зерттеуден мектептегі білім беруге дейін» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты – жасанды интеллекттің ғылыми танымдағы рөлін айқындау, оның зерттеу қызметіндегі мүмкіндіктерін көрсету және білім беру үдерісіне тиімді енгізу жолдарын талқылау.

Семинарға мектеп педагогтерімен қатар серіктес білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты. Семинар барысында қатысушылар жасанды интеллектті оқыту процесінде қолданудың өзекті мәселелерін талқылап, оның оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамытудағы және зерттеушілік дағдыларын қалыптастырудағы маңызын атап өтті.

Семинар бағдарламасы мазмұнды әрі тәжірибеге бағытталған болды. Қатысушылар педагогтер мен оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының постерлік көрмесімен танысты. Сонымен қатар жасанды интеллектті білім беру тәжірибесінде қолдану бойынша баяндамалар тыңдалып, практикалық бөлімде заманауи цифрлық құралдармен жұмыс жүргізілді.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар ұсынылған тәжірибенің маңыздылығын жоғары бағалап, алдағы уақытта инновациялық технологияларды білім беру үдерісіне кеңінен енгізуге дайын екендіктерін білдірді.

Осындай іс-шаралар педагогтердің кәсіби дамуына ықпал етіп, білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

 

Өткізілген спорттық іс-шаралар

 

Оқушыларды спорттық секциялармен қамтуды арттыру, дене шынықтырумен айналысуға қызығушылығын қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында №62 мектеп-лицейінде оқу жылы бойы келесі іс-шаралар өткізілді:

 

Мектепішілік деңгейде:

* 1–11 сынып оқушылары арасында Денсаулық күндері;

* Футбол, волейбол және баскетбол бойынша мектепішілік жарыстар;

* Жеңіл атлетикалық кросстар мен эстафеталар;

* Үстел теннисі бойынша турнирлер;

* Бастауыш сыныптар арасында «Көңілді старттар» және спорттық мерекелер;

* Мемлекеттік және атаулы күндерге арналған спорттық жарыстар;

* Спорттық сағаттар мен секциялардағы ашық жаттығулар.

 

Мектептен тыс деңгейде:

* Аудандық және қалалық жарыстарға қатысу;

* Мектеп оқушылары арасындағы спартакиадаларға қатысу;

* Бұқаралық спорттық акциялар мен марафондарға қатысу.

 

Профилактикалық және ынталандыру жұмыстары:

* Дене белсенділігінің пайдасы туралы түсіндіру жұмыстары;

* Жаттықтырушылар мен спортшылармен кездесулер ұйымдастыру;

* Оқушыларды спорттық секцияларға тұрақты қатысуға тарту.

 

Өткізілген іс-шаралардың нәтижелері:

* спорттық секцияларға қатысатын оқушылар санының артуы;

* дене шынықтыру мен спортқа қызығушылықтың жоғарылауы;

* оқушылардың төзімділігі мен командалық рухының дамуы;

* түрлі деңгейдегі жарыстарға белсенді қатысу.

 

 

1–11 сынып оқушыларының бірыңғай гигиеналық талаптарды сақтауын қамтамасыз ету бойынша.

Мектепте оқу жылы барысында медициналық қызметкерлер тарапынан оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілді.

  1. Санитарлық-гигиеналық жағдайды бақылау

Оқу кабинеттерінде жарықтандыру, температуралық режим және желдету талаптарының сақталуына тұрақты мониторинг жүргізілді. Асхананың санитарлық жағдайы мен ауыз су режимі, спорт залы мен санитарлық бөлмелердің тазалығы бақылауға алынды. Оқушыларды көру қабілеті мен бой ерекшеліктеріне сәйкес отырғызу ұйымдастырылды.

  1. Профилактикалық жұмыс

Оқушылар арасында жеке бас гигиенасын сақтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Атап айтқанда, «Оқушының жеке бас гигиенасы», «ЖРВИ және тұмаудың алдын алу», «Салауатты өмір салты», «Қызылша: белгілері және алдын алу» тақырыптарында әңгімелер мен дәрістер өткізілді.

  1. Медициналық тексерулер

Емхана мамандарымен бірлесіп 8–10 сынып оқушыларына жоспарлы профилактикалық медициналық тексерулер ұйымдастырылды. Тексеру барысында оқушылардың физикалық дамуы (бойы, салмағы, дене қалпы) бағаланып, денсаулық топтары анықталды және дене жүктемесіне шектеуі бар балалар есепке алынды.

  1. Эпидемиологиялық жағдай кезіндегі жұмыс.

Оқушылардың сабаққа қатысуы мен аурушаңдығына күнделікті мониторинг жүргізілді. Жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында санитарлық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, мектепте дезинфекциялық режимнің сақталуы қамтамасыз етілді.

Қорытындылай келе, жүргізілген жұмыстар оқушылардың денсаулығын сақтау, аурушаңдықты төмендету және мектепте қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталды.

Осы ақпаратқа өткізілген іс-шараларды растайтын фото және бейнематериалдар, сондай-ақ есептік құжаттар қоса беріледі.

 

Жобаның негізгі мақсаты – оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасын жақсарту, ұлттық ойындар мен дәстүрлерді насихаттау, бос уақытты тиімді әрі қызықты ұйымдастыру.

Кеш барысында Мұқағали Мақатаев өлеңдері мәнерлеп оқылып, ақынның өмірі мен шығармашылығы таныстырылды.

2025 жылдың 28 қазан күні мектепте цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану мақсатында Akelius платформасымен таныстыру кездесуі өтті. Ағылшын тілі мұғалімі Ания Аскарбековна кездесу барысында қатысушыларға платформаның мүмкіндіктері, оқушылардың тілдік дағдыларын дамытуға арналған интерактивті тапсырмалар, әрі оқу процесінде қолдану тәсілдері таныстырылды.

Akelius – ағылшын, орыс тілін меңгеруді қолдау үшін жасалған заманауи, тегін, интерактивті онлайн платформа. Ол мультимедиялық жаттығулар, тыңдалым, жазылым және сөйлеу дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалармен толықтырылған.

Кездесу нәтижесінде педагогтер платформада жұмыс істеу алгоритмімен, оқу материалдарын сабаққа енгізудің тиімді әдістерімен танысып, тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болды.

Қазақстанда 2014 жылдан бастап қыркүйектің әр соңғы жексенбісінде Еңбек күні атап өтіледі. Бұл өзінің адал еңбегімен егемен еліміздің экономикасының негізін қалаған, сондай-ақ «Жалпыға ортақ еңбек қоғамын» дамытуға үлес қосқан еңбекқор жандарға алғыс білдіруге арналған мереке.

Еңбек күні әлемнің 100-ден астам елінде атап өтіледі, ал кейбір елдерде ол мемлекеттік мереке мәртебесіне ие. Қазақстанда биыл мереке 29 қыркүйекке сәйкес келеді.

Жыл сайын Еңбек күнін мерекелеу қарсаңында түрлі іс-шаралар өткізіледі, оның мақсаты қоғамдағы «Еңбек адамы» мәртебесін арттыру және еңбек өнімділігін ынталандыру; кәсіпорындар мен ұйымдарда жаңа еңбек әулеттерін қалыптастыру үшін еңбек адамдары туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру, сондай-ақ жастарды еңбекке құрметпен қарау, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту рухында тәрбиелеу.

Сондай-ақ, өңірлерде еңбек ардагерлері, өндіріс озаттары және т.б. алғыс хаттармен және өзге де көтермелеу шараларымен марапатталады.

«Еңбек күні – күнтізбедегі атаулы күн болғанымен бірге, бұл жұмыс сапасының көрсеткіші. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде сапалы жұмыс орындарының санын ұлғайту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде, атап айтқанда, олар: бұл тұрақты жұмыспен қамту, қауіпсіз жұмыс ортасы, еңбекақының лайықты деңгейі, әлеуметтік кепілдіктер.

Еңбек күніне арналған сынып сағаты – бұл оқушыларға еңбек құндылығын түсіндіру, еңбек адамдарын құрметтеуге тәрбиелеу, олардың еңбектегі табыстарын үлгі ету мақсатында өткізілетін тәрбие сағаты.

2025 жылдың 22 қыркүйегінде 1-11 сыныптарда Еңбек күніне орай «Жетістік формуласы: «еңбек – төзім – мақсат» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өтті.

Еңбек күні сынып сағаты – оқушылардың бойында еңбексүйгіштік, жауапкершілік, адалдық қасиеттерін қалыптастыруға, еңбек адамының қоғамдағы рөлін түсіндіруге бағытталған, тәрбиелік мәні зор сыныптан тыс іс-шара.

Мақсаты:

  • Оқушыларға еңбек ұғымының мәнін ашу;
  • Қоғамдағы әрбір мамандық иесінің еңбегін құрметтеуге үйрету;
  • Жауапкершілік пен еңбекқорлық қасиеттерін тәрбиелеу;
  • Қазақстандағы Еңбек күні мерекесінің (қыркүйектің соңғы жексенбісі) маңызын түсіндіру.

Сынып сағатында:

  • «Еңбек – өмірдің негізі» тақырыбында әңгіме жүргізу;
  • Еңбек адамдарын таныстыру (ата-аналар, ауылдағы не қаладағы еңбек майталмандары);
  • Мақал-мәтелдер, өлеңдер, бейнематериалдар қолдану;
  • Топтық жұмыс, пікірталас, сұрақ-жауап ұйымдастыру.

 

Мектебімізде 8-10 сыныптар арасында “Менің елім” тақырыбында патриоттық әндер байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: Жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру. Туған халқымыздың тарихын, батыр ұл - қыздарымыздың ерлігін, жеріміздің байтақтығын, байлығын ақын ағаларымыз жырлап өткен. Сол жырларды жаттап, көкейге түйіп, елімізге лайықты азамат болып өсуге өскелең ұрпақ міндетті, бүгінгі бақытты күн үшін қаншама ерлер тер төкті, жанын қиды. Сол батырларымыздың армандаған ұрпағы біздің білімді, дені сау Отанымыздың лайықты ұл - қыздары. Әділ қазылардың шешімі бойынша; ✅ Бас жүлде 8 “Б” сынып ✅ 1 орын 8 “Г” сынып ✅ 2 орын 10 “А”, 8 “А” сыныптар ✅ 3 орын 9 “А”, Г”, сыныптар иеленді. Қалған сыныптар қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік.
Бокстан республикалық жарыс өтті. Сол жарысқа мектебімізден 9 оқушы қатысты. 1 орынға Мұратбек Айымжан,Тұрғынбек Алдияр, Оразқұл Мұхамедәлі, 2 орынға Бахытжан Батыр, Нұржанұлы Ханкелді, Алимжан Мадияр, 3 орынға Магзум Айсат, Алимжан Батыр, Ермат Арсен ие болды. Бұл жарысқа Қарағанды, Ұлытау, Ақмола, Павлодар, Қостанай, Маңғыстау облыстарының және Алматы қаласының үздіктері қатысқан болатын. Оқушыларымызды осындай жоғары дәрежеде дайындаған мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімі Дөрбетхан Ерлан. Оқушыларымыз бен жаттықтырушысын құттықтаймыз. Бұдан да биік белестерді бағындыруын тілейміз!
13 мамыр күні мектебіміздің оқушылары “Жасыл мекен” республикалық челленджіне қатысты. Осы экологиялық акцияға Оқу-ағарту министрлігінің өкілі Ибраимов Асқар Изимбаевич, білім беру ұйымымыздың директоры Букушев Асылбек Бейсенбаевич, мектебіміздің ұстаздары мен оқушылары қатысты. #ЖасылМекенАстана, #мектептіңөзін-өзібасқаруы, #өзін-өзі_басқару