«Балақайлар мектебінің» негізгі мақсаты – баланың физикалық, коммуникативтік, танымдық, шығармашылық және әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларын дамытып, мектепке бейімдеу болып табылады.

Құрметті ата-аналар!
Бүгін, 1 маусым – Балаларды қорғау күні, №62 мектеп-лицейінде болашақ бірінші сынып оқушыларына арналған «Балақайлар мектебі» дайындық курсы өз жұмысын бастады.
Курстың мақсаты:
Балаларды мектепке жан-жақты дайындау;
Оқу мен білімге қызығушылығын арттыру;
Танымдық, шығармашылық және коммуникативтік қабілеттерін дамыту;
Мектеп ережелерімен таныстырып, жаңа ортаға жеңіл бейімделуіне көмектесу.
Бүгінгі алғашқы күні балалар бір-бірімен және мұғалімдермен танысып, қызықты ойындар мен танымдық тапсырмаларға қатысты. Болашақ оқушылар үшін көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын жылы әрі достық атмосфера қалыптастырылды.
Балаларға қызықты да табысты оқу жолын тілейміз!







