
Мектептегі оқу кезеңінде қолайлы әлеуметтік-психологиялық ахуал жасау және оқу процесіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету арқылы оқушылардың психологиялық денсаулығын сақтауға ықпал ету.

- білім алушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамыту және табысты әлеуметтену қабілетін қалыптастыру;
- оқушыларға, ата-аналар мен педагогтарға психологиялық, консультациялық көмек көрсету
- мектептің психологиялық қызметінің жемісті қызметіне барлық педагогикалық құрамды және ата-аналар комитеттерінің өкілдерін белсенді тарту;
- білім беру процесіне қатысушылардың барлығының психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін арттыру;
- психодиагностикалық және психокоррекциялық жұмыстарды жүзеге асыру;
- оқушылардың қолайлы психологиялық ахуалы үшін жағдай жасау









