Сабақтың тақырыбы "Қазақстандағы қолөнер". Мақсаты: оқушыларды еліміздегі мұра болып қалған қолөнер ерекшелігімен таныстыру.
Сабақ барысында оқушылар көптеген қазақ тіліндегі сөздермен танысты. Мысалы: киіз үй, тон, торсық, қамшы, білезік, жүзік, сақина және қазақ халқы күнделікті өмір қолданған қолөнер тақырыбындағы сөздер. Бұл сөздер аудармасымен ғана емес, қарапайым өмірде қалай қолданылғаны жайлы да сөз қозғалды. Сабақ барысы қазақ тілі және тарих пәндерімен тікелей байланысты болды. Сабақтың соңында оқушылар кері байланыс берді және осы заттардың қайсысын болашақта өздері қолмен жасағысы келетіні жайлы айтты. Сабақты оқушыларға қызықты етіп өткізген мектебіміздің көркем еңбек пәні мұғалімі, көптеген оқулықтардың авторы Чукалин В. Г. өткізді.