Жаңалықтар
Қазақстан Республикасы Оқу -ағарту министрінің 2023 жылғы 27 қарашадағы № 349 негіздемесінде
- Қолайсызауа райының метеожағдайларында қашықтан оқыту білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған.
- Қолайсызауа райы метеожағдайларында қашықтан оқытуды ұйымдастыру үшін Астана қаласының білім басқармалары, аудандық (қалалық) білім бөлімдері оқу жылы басталғанға дейін:
1) аумақтық мүдделі мемлекеттік органдармен келісім бойынша білім беру ұйымдарындағы сабақтар өңірдің географиялық-климаттық жағдайларына сәйкес, сондай-ақ білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, қашықтан оқытуға көшірілетін қолайсыз ауа райы жағдайларының көрсеткіштерін;
2) жергілікті жағдайларды ескере отырып, ауа райының қолайсыздығына байланысты қашықтан оқытуға көшу туралы ата-аналар мен оқушыларды уақтылы хабардар ету жүйесі, жауапты тұлғаларды, уақтылы хабарлау нысандары мен әдістерін көрсете отырып бекітеді.
- Қолайсызауа райы метеожағдайлары кезінде жергілікті тұрғындарға қашықтан оқытуға көшу туралы білім беруді басқарудың мемлекеттік органдары:
1) жергілікті телевизиялық және радиоарналарда;
2) білім беру мекемелері мен білім беруді басқару органдарының ресми сайттарында;
3) білім беру мекемелері мен білім беруді басқару органдарының әлеуметтік желілер беттерінде және мессенджерлерінде;
4) сынып жетекшілері арқылы хабарлайды.
- Қолайсызауа райы метеожағдайлары кезінде қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру туралы: бірінші ауысым үшін сағат 06.45-тен 08.00-ге дейін, екінші және үшінші ауысым үшін сағат 11.15-тен 13.00-ге дейін хабарлау жүргізіледі.
- Білім беру ұйымдарындақолайсыз ауа райы метеожағдайлары кезінде оқу процесін қашықтан ұйымдастыру туралы хабарлау үшін қолайсыз ауа райы метеожағдайларының бекітілген көрсеткіштері негізінде білім беру ұйымы басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның бұйрығымен рәсімделіп, тиісті мемлекеттік білім беруді басқару органының назарына бірінші ауысым үшін сағат 06.00-ден 07.00-ге дейін, екінші және үшінші ауысымдар үшін сағат 10.30-дан 12.00-ге дейін жеткізіледі.
- Қолайсызауа райы метеожағдайлары кезінде қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру туралы бұйрықта:
1) қашықтан оқыту жүзеге асырылатын сыныптар, топтар, ауысымы;
2) білім беру ұйымының жұмыс істеу режимі;
3) оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың барлығының аталған бұйрықпен танысуына бақылауды жүзеге асыратын білім беру ұйымы әкімшілігінің тарапынан жауапты тұлғалар;
4) білім алушыларды қабылдауды және үйлеріне қауіпсіз жіберуді жүзеге асыратын педагогтер тарапынан жауапты тұлғалар көрсетіледі.
Қолайсыз ауа райының метеожағдайларында оқу процесін қашықтан ұйымдастыру туралы бұйрық бекітілгеннен кейін тез арада білім беру ұйымының ресми сайтында және ақпараттық стендінде орналастырылуы тиіс.
Интернаттық білім беру ұйымдарында қолайсыз ауа райы метеожағдайларында оқу процесін қашықтан ұйымдастыру білім алушылардың тұрғылықты жағдайы ескеріле отырып, жүргізіледі.
- Қолайсызауа райының метеожағдайларында қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру күндері білім беру ұйымының қызметі бекітілген жұмыс режиміне, педагогтердің қызметі – белгіленген оқу жүктемесіне, сабақ кестесіне, өзге де қызметкерлердің қызметі – жұмыс уақытының режиміне, ауысым кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
- Қолайсызауа райының метеожағдайларында қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру күндері сабаққа келген білім алушылар үшін сабақтың барлық түрлері (оқу, қосымша, үйірме, ұзартылған күн топтарының жұмысы), ыстық тамақпен қамтамасыз ету бірінші басшы бекіткен және құрылтайшымен келісілген сабақ кестесіне сәйкес толық көлемде жүргізіледі.
- Педагогтерсабақты білім алушылардың білім беру бағдарламаларын толық көлемде өтуі мақсатында қашықтан оқытудың әртүрлі нысандарын, оның ішінде өзіндік жұмыс нысанын қолданады. Қолданылатын жұмыс нысандары, өзіндік жұмыс түрлері туралы ақпаратты педагогтер, сынып жетекшілері білім алушылардың, олардың ата-аналарының (заңды өкілдерінің) назарына жеткізеді.
- 1 Орта білім беру ұйымдарындақашықтан оқыту кезінде:
1) қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру күндері сабақтарға қосылған білім алушылардың қатаң есебін жүргізеді, білім алушылардың саны туралы ақпаратты білім беру ұйымының басшысына баяндайды, педагог және өзге де қызметкерлерінің сабаққа келген білім алушылардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің сүйемелдеуінсіз үйлеріне жіберілуіне жол бермеуге бақылау жүзеге асырылады;
2) сабақ аяқталған соң ата-аналарының (заңды өкілдерінің) шығарып салуымен білім алушылардың үйге ұйымдасқан түрде қайтуын қамтамасыз етіледі;
3) қолайсыз ауа райы метеожағдайларында қашықтықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру Қағидалары туралы ақпаратты оқушылардың күнделіктеріне орналастыру және ата-аналарға (заңды өкілдерге) жеткізу қамтамасыз етіледі;
4) ата-аналарды (заңды өкілдерді) қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру күндері олардың балаларының оқу қызметінің қорытындылары туралы, оның ішінде қашықтан оқыту нысандарын және білім алушылардың өз бетінше жұмыс істеу шарттары туралы хабарлау қамтамасыз етіледі.
- 1 Қолайсызауа райының метеожағдайларында қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру күндері білім алушылар сабақта болмаған (қосылмаған) жағдайда, тапсырманы өздігінен орындайды және тапсырмаларды білім беру ұйымы орнатқан режимінде педагогтердің талаптарына сәйкес жібереді.
2025 жылдың 14 мамыр күні №62 мектеп-лицейінде №4 жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында күн тәртібіндегі келесі сұрақтар қарастырылды:
- 1. «Жазғы демалыс кезіндегі оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында Астана қаласының ПБ инспекторы полиция майоры Б.Откульбаева дәріс оқыды, ата-аналардың сұрақтарына жауап берді;
- 2. «Балалардың қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі» тақырыбында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар комитетінің қызметкері С.Ауельбеков дәріс оқып, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдарымен таныстырды.
- 3. «Балдырған» мектеп жанындағы лагерьдің қызметі туралы ата-аналарға толық ақпарат берілді. Ағымдағы жылдың 2 маусымында іске қосылатын лагерьге балаларды қабылдау ережесі, жоспары, бағыттары мен маусым аралықтары түсіндірілді.
- 4. «Дидарлы жаз» спорттық лагеріне қабылданатын 5-8 сынып оқушыларының жас ерекшеліктері ескеріле отырып, түрлі спорттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылатыны туралы ақпаратты қосымша білім беру педагогы С. Сарсенбенов ақпарат берді.
- 5. «Жасыл әлем» экологиялық лагерінің ерекшеліктері, жоспары мен жауапты мамандар туралы ақпаратты директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Кабышева берді.
Сонымен қатар, ата-аналарда туындаған түрлі сұрақтарға мектеп директоры А.Хазиева жауап берді.
2024 жылдың 12 наурызында мектепте педагогтерді аттестаттау рәсімін өткізу бойынша түсіндіру жиналысы өткізілді.
Мектеп директоры К. М. Мұқашев бүгінгі жиналыстың маңыздылығы мен өзектілігі туралы педагогтерге жиналыс барысында баяндап берді.
Директордың бейіндік жұмыс жөніндегі орынбасары С. А. Алибаева педагогтерді аттестаттау қағидаттарымен және педагогтерді аттестаттау рәсімін өткізудегі өзгерістермен, өтпелі кезеңдегі педагогтерді аттестаттау шарттары мен тәртібі және "Ұстаз" платформасының жұмыс істеуінің басталуымен таныстырды. Портфолиодағы әрбір бөлім материалдарының мәселелері бойынша түсініктеме берді.
Заседание комиссии №15
по подбору и приему на работу педагогов
ШЖҚ МКК «№62 мектеп – лицей», Мәскеу к. 41, https://licei62.edu.kz/, 8 71 72 50 15 28
Ұлдарға арналған технология мұғалімі(оқытудың орыс тілі), қыздарға арналған технология мұғалімі(оқытудың қазақ, орыс тілі), психолг 1, информатик мұғалімі 1(оқытудың қазақ, орыс тілі), информакатика зертханашы 1, мұғалімнің көмекшісі 1(оқытудың қазақ, орыс тілі) қажет.
Біліктілік талаптары:
- Өз пәнні бойынша жақсы білімінің болуы.
- Педагогикалық білімінің болуы..
- Әртүрлі сертификаттардың болуы, өз қызметінің сипатына сәйкес кәсіби жарыстарға, семинарларға, конкурстарға қатысу және байқауларға қатысуға дайындығы.
- Еңбексүйгіштік, жауапкершілік, көпшілдік.
- Жұмыс түрі – толық.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға 23.02.2024 ақпан аралығында келесі құжаттарды электронды түрде (Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.) немесе қағаз түрінде (Мәскеу к,. 41, «№ 62 мектеп –лицей ) тапсыру қажет:
1) Осы қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» №57 бұйрығының 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Бос лауазымдарға конкурс 23.02.2024 жылы











