
2025–2026 оқу жылы барысында бастауыш сыныптарда «Оқу сауаттылығын» дамыту мақсатында «8 минуттық оқу» жобасы жүйелі түрде жүзеге асырылды. Жоба аясында білім алушылар күн сайын көркем әдебиеттерді, танымдық мәтіндерді оқып, оқыған мәтіндерінің мазмұнын талдау, негізгі ойды анықтау және сұрақтарға жауап беру жұмыстарын орындады.
Жыл бойы жүргізілген бақылау жұмыстары мен тапсырмалар нәтижесінде білім алушылардың оқу, түсіну және ақпаратпен жұмыс жасау дағдыларына талдау жүргізілді.
Нәтижелер көрсеткендей, оқушылардың басым бөлігі мәтінді саналы түрде оқып, оның мазмұнын түсінеді, сұрақтарға жауап бере алады және негізгі ойды анықтайды. «8 минуттық оқу» жобасының жүйелі жүргізілуі оқушылардың оқу жылдамдығының артуына, сөздік қорының молаюына және кітап оқуға деген қызығушылығының қалыптасуына оң әсерін тигізді.
Жоғары деңгейдегі оқушылар мәтіннің мазмұнын терең түсініп, кейіпкерлердің іс-әрекетін талдай алады, өз көзқарасын дәлелдеп, мәтін бойынша қорытынды жасайды.
Орта деңгейдегі оқушылар мәтін мазмұнын түсініп, сұрақтарға жауап береді, алайда талдау және дәлелдеу тапсырмаларын орындауда мұғалімнің бағыттауын қажет етеді.
Төмен деңгейдегі оқушылардың оқу қарқыны баяу, сөздік қоры жеткіліксіз, мәтінді түсіну және өз ойын жүйелі жеткізу барысында қиындықтары байқалады. Дегенмен, жыл соңындағы нәтижелер оқу дағдыларының біртіндеп жақсарғанын көрсетті.
Жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша білім алушылардың оқу сауаттылығы деңгейі қанағаттанарлық деп бағаланды. Оқушылардың көпшілігі мәтінмен жұмыс жасау дағдыларын меңгерген. Алдағы уақытта мәтінді талдау, ақпаратты салыстыру, қорытынды жасау, өз пікірін дәлелдеу және функционалдық оқу сауаттылығын дамыту бағытындағы жұмыстар жалғастырылады.


