Ақпарат

Заседание комиссии №5
по подбору и приему на работу педагогов

9 сентября 2023 года во Дворце школьников состоялся PRO.NRG FEST – фестиваль науки, искусства и технологий для детей и взрослых.

Біздін мектебімізде «Жас мамандар мектебі» жаңа оқу жылында өз жұмысын бастап кетті.

2023 жылдың 04 қыркүйегінде біздің мектепте 10-11 сынып оқушылары Тюринг компаниялары білім беру қауымдастығының басқарушы директоры Хайко Шулер және жоба маманы Денис Невинскиймен кездесті.

В школу – лицей№62 требуются с 01.09.2023 года учителя с русским языком обучения: Учитель математики -16 часов Учитель русского языка -16 часов Учитель технологии для девочек -16 часов Учитель технологии для мальчиков -20 часов Учитель физики -16 часов Учитель истории -16 часов Логопед-дефектолог -1 ставка Педагог -ассистент -1 ставка Учитель информатики -16 часов Учитель начальных классов (2 человека ) -16 часов Квалификационные требования: 1. Отличное знание своего предмета. 2. Педагогическое образование. 3. Наличие различных сертификатов, участие в профессиональных конкурсах по роду своей деятельности, готовность принимать участие в семинарах, олимпиадах и конкурсах. 4. Исполнительность, ответственность, коммуникабельность. 5. Тип занятости – полная. Лицо, изъявившее желание принять участие в конкурсе, в сроки с по года направляет следующие документы в электронном (Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.)) или бумажном ( ул. Мәскеу 41, «школа – лицей №62) 1) заявление об участии в конкурсе с указанием перечня прилагаемых документов по форме согласно приложению 10 к настоящим Правилам; 2) документ, удостоверяющий личность либо электронный документ из сервиса цифровых документов (для идентификации); 3) заполненный личный листок по учету кадров (с указанием адреса фактического места жительства и контактных телефонов – при наличии); 4) копии документов об образовании в соответствии с предъявляемыми к должности квалификационными требованиями, утвержденными Типовыми квалификационными характеристиками педагогов; 5) копию документа, подтверждающую трудовую деятельность (при наличии); 6) справку о состоянии здоровья по форме, утвержденной приказом исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 октября 2020 года № ҚР ДСМ-175/2020 "Об утверждении форм учетной документации в области здравоохранения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 21579); 7) справку с психоневрологической организации; 8) справку с наркологической организации; 9) сертификат Национального квалификационного тестирования (далее - НКТ) или удостоверение о наличии квалификационной категории педагога-модератора, педагога-эксперта, педагога-исследователя, педагога-мастера (при наличии); 10) заполненный Оценочный лист кандидата на вакантную или временно вакантную должность педагога по форме согласно приложению 11 к приказу министра образования и науки Республики Казахстан от 21 февраля 2012 года №57 «Об утверждении Правил назначения на должности, освобождения от должностей первых руководителей и педагогов государственных организаций образования» Конкурс на занятие вакантных должностей состоится 23.08.2023 года Документы принимаются до 22.08.2023 года
Құрметті ұстаздар! Мектебімізде келесі бос орындарға конкурс жарияланады:

    1) Қазақ тілінде оқытатын математика пәні мұғалімі: 1 (20 сағат)

    2) Қазақ тілінде оқытатын информатика пәні мұғалімі: 1 (16 сағат)

    3) Орыс тілінде оқытатын бастауыш сынып мұғалімі: 3 (16 сағат)

    4) Орыс тілі мұғалімі: 2 (24 сағат)

    5) Орыс тілінде оқытатын математика пәні мұғалімі: 3 (24 сағат)

    6) Орыс тілінде оқытатын география пәні мұғалімі: 1 (24 сағат)

    7) Орыс тілінде оқытатын биология, жаратылыстану пәні мұғалімі: 1 (24 сағат)

    8) Қазақ тілінде оқытатын көркем еңбек пәні мұғалімі: 1 (16 сағат)

    9) Орыс тілінде оқытатын көркем еңбек пәні мұғалімі: 1 (16 сағат)

    10) Орыс тілінде оқытатын тарих пәні мұғалімі: 1 (16 сағат)

    11) АӘК мұғалімі: 1 (1 ставка)

    Конкурс 14 тамыз сағат 10.00-де өтеді.

    Құжаттарды Мәскеу көшесі, 41 мекен-жайы бойынша немесе @Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды поштасына жібере аласыздар.

    Байланыс телефондары: 50-15-28, 87029878506

    Біліктілік талаптары:

    1. Өз пәнні бойынша жақсы білімінің болуы.

    2. Педагогикалық білімінің болуы..

    3. Әртүрлі сертификаттардың болуы, өз қызметінің сипатына сәйкес кәсіби жарыстарға, семинарларға, конкурстарға қатысу және байқауларға қатысуға дайындығы.

    4. Еңбексүйгіштік, жауапкершілік, көпшілдік.

    5. Жұмыс түрі – толық.

    Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға аралығында келесі құжаттарды электронды түрде (Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.) немесе қағаз түрінде (Мәску к,. 41, «№ 62 мектеп –лицей ) тапсыру қажет:

    1) Осы қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

    2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

    3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

    4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

    5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

    6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

    7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

    8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

    9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

    10) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» №57 бұйрығының 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

Құрметті ата-аналар! 1-сыныпқа құжат қабылдау 1-тамызда аяқталды
Мектебімізде 8-10 сыныптар арасында “Менің елім” тақырыбында патриоттық әндер байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: Жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру. Туған халқымыздың тарихын, батыр ұл - қыздарымыздың ерлігін, жеріміздің байтақтығын, байлығын ақын ағаларымыз жырлап өткен. Сол жырларды жаттап, көкейге түйіп, елімізге лайықты азамат болып өсуге өскелең ұрпақ міндетті, бүгінгі бақытты күн үшін қаншама ерлер тер төкті, жанын қиды. Сол батырларымыздың армандаған ұрпағы біздің білімді, дені сау Отанымыздың лайықты ұл - қыздары. Әділ қазылардың шешімі бойынша; ✅ Бас жүлде 8 “Б” сынып ✅ 1 орын 8 “Г” сынып ✅ 2 орын 10 “А”, 8 “А” сыныптар ✅ 3 орын 9 “А”, Г”, сыныптар иеленді. Қалған сыныптар қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік.
Бокстан республикалық жарыс өтті. Сол жарысқа мектебімізден 9 оқушы қатысты. 1 орынға Мұратбек Айымжан,Тұрғынбек Алдияр, Оразқұл Мұхамедәлі, 2 орынға Бахытжан Батыр, Нұржанұлы Ханкелді, Алимжан Мадияр, 3 орынға Магзум Айсат, Алимжан Батыр, Ермат Арсен ие болды. Бұл жарысқа Қарағанды, Ұлытау, Ақмола, Павлодар, Қостанай, Маңғыстау облыстарының және Алматы қаласының үздіктері қатысқан болатын. Оқушыларымызды осындай жоғары дәрежеде дайындаған мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімі Дөрбетхан Ерлан. Оқушыларымыз бен жаттықтырушысын құттықтаймыз. Бұдан да биік белестерді бағындыруын тілейміз!
13 мамыр күні мектебіміздің оқушылары “Жасыл мекен” республикалық челленджіне қатысты. Осы экологиялық акцияға Оқу-ағарту министрлігінің өкілі Ибраимов Асқар Изимбаевич, білім беру ұйымымыздың директоры Букушев Асылбек Бейсенбаевич, мектебіміздің ұстаздары мен оқушылары қатысты. #ЖасылМекенАстана, #мектептіңөзін-өзібасқаруы, #өзін-өзі_басқару
12 мамырда мектеп-лицейімізде терроризмге қарсы қорғаныс жаттығулары өтті. Аталған оқу-жаттығулары барысында мектеп қызметкерлерімен және оқушыларымен нұсқаулық өткізілді. Қызметкерлер мен оқушыларды эвакуациялау, техникалық құралдарды тексеру ұйымдастырылды. Бұл практикалық іс-шаралар терроризмге қарсы қауіпсіздік бойынша білім мен практикалық дағдыларды жетілдіру үшін қажет, өйткені соңғы уақытта оқушылар үшін терроризмге қарсы қауіпсіздік мәселесі ерекше өткір болып тұр.
Мектебімізде жас мамандар мен тәлімгерлердің байқауы өтті. Бұл байқауға кәсіби өмірге енді қадам басып келе жатқан, жоғары оқу орнын бітіріп, өзінің алғашқы еңбек жолын біздің мектепте бастаған жас мамандар мен жыл бойы өз білімдерін, тәжірибесін бөліскен тәлімгерлер қатысты. Осы оқу жылында мектебімізге жоғары оқу орнын бітірген 6 жас маман келді. Бұл байқауға 4 жас маман қатысып, өздерінің жыл бойы үйренген әдіс-тәсілдерін, жеткен жетістіктерін және өз өнерлерін таныстырды. Біздің жас мамандар ән де айтады, поэзияға да қызығады, зергерлік бұйымдар да жасай алады. Ал тәлімгерлеріміз болса өздерінің бар білгенімен жас әріптестерімен бөлісіп, оларға барынша қолдау білдіріп, мектепте жас ұстаздардың жұмысқа барынша бейімделуіне өз ықпалдарын тигізіп келеді. Осындай байқаулар жастар арасында өзара тәжірибе алмасуға, бір-бірімен жақынырақ танысуға көмектеседі. Жастарымыз қаншалықты жақын араласып, жұмыста өзара ынтымақтастық жасаса мектебіміз жаңарып, жаңа креативті ұсыныстар түседі деп ойлаймыз. Тәлімгерлеріміздің жыл бойы жемісті атқарған жұмысына алғыс білдіріп, жас мамандардың кәсіби өміріне сәттілік тілейміз!