Ақпарат

Біздің оқушыларымыз Баянов Родион, Черняк Роман және Пархоменко Виктория үстел теннисінен қалалық турнирге қатысты. Біздің дарынды оқушылар турнирде жеңіске жетіп, жүлделі орындарға ие болды! Черняк Роман мен Баянов Родион 1 орынды, ал Пархоменко Виктория жүлделі 3 орынды иеленді. Біз шәкірттерімізді мақтан тұтамыз және олардың жаттықтырушысы Дөрбетхан Ерланға турнирге дайындағаны үшін алғыс айтамыз. Спорт тек денсаулық емес, сонымен қатар тәртіп, табандылық және командада жұмыс істей білу екенін атап өткіміз келеді. Біз оқушыларымыздың спорттық және салауатты өмір сүруін қолдаймыз және олардың осы салада табысқа жетуіне тілектеспіз!
Ғылыми-жобала мен олимпиадаларға қатысатын оқушылар ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция барысында оқушылар өзін-өзі бағалау, қарым-қатынас дағдыларын арттыру, алаңдаушылық деңгейін жеңілдету, сондай-ақ қиын жағдайларда сенімді мінез-құлыққа тәрбиелеу мақсатында мектеп психологы Борсукбаева Б.Ж. өткізді.
Мектебіміздің 9 сынып оқушылары "Талдыкөлдің қазіргі жағдайы" тақырыбында Руслан Оразалиевпен кездесу өткізді. РУСЛАН ОРАЗАЛИЕВ АСБК ғылыми қызметкері "SOS Taldykol" им және "Menin Elim Dala"ҚБ сарапшысы. Мектебіміздің 9 "Б" сынып оқушылары Тулегенова Салтанат пен Дидар Айша Талдыкөлдің қазіргі жағдайын зерттеп, ғылыми жоба жазу үстінде. Ғылыми жобаның жетекшісі география пәні мұғалімі, педагог-шебер Тургамбекова Алма Базаргалиевна. Алма Базаргалиевна мен оқушыларымызға зерттеу барысында сәттілік тілейміз.
Математика пәнінен 3-4 сыныптар арасында өткізілген "Алтын Сақа" олимпиадасының қорытыныдсы бойынша мектебіміздің 3 "М" сынып оқушысы Семикопов Михаил грамотаға, 4 "И" сынып оқушысы Скайратян Эдуард 3 орын, 4 "О" сынып оқушысы Шайхислям Әбілқайыр 3 орынға, 3 "З" сынып оқушысы Газдиев Абдулла 3 орынға ие болды.
Шаттық 2023ж байқауының қорытындысы бойынша мектебіміздің қоржынына түскен жүлделер!!! ✅ Алтын медаль иегері Әбдірахман Дария, жетекшісі Омарова Гайни Мукановна ✅ Қола медаль иегері Рамазан Мөлдір жетекшісі Делегат Айман. ✅ Дипломант: Жарова Нұрай, жетекшісі Мадибекова Салтанат Зиятбековна. ✅Дипломант: Бурахан Айым, жетекшісі Делегат Айман. ✅Дипломант: Нишанбай Сабира, жетекшісі Делегат Айман.
Мектебіміз белсенді түрде TopIQ электрондық оқулықтар платформасында жұмыс жасайды. Бірнеше жылдың ішінде оқушыларымыз бен ұстаздарымыз әртүрлі конференция, конкурстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Бұл платформаның ерекшелігі мектеп оқушылары оқулықтарды кез-келген жерде смартфон немесе планшет арқылы аша алады және ауыр сөмке көтермей, электронды түрде ғана қолдана алады. Мектебімізде осы платформаны география пәні мұғалімі Тургамбекова Алма Базаргалиевна және 10А мен 11Б сынып оқушылары белсенді қолданып, қалалық және республикалық деңгейде сабақтар көрсетіп жүр.
Көктемнің шуақты күндерімен бірге келетін , Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі мектебімізде 1 - сыныптар арасында жоғары жауапкершілікпен атап өтілді. Мерекенің негізгі мақсаты: оқушыларға Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі туралы мағлұмат беру, еліміздің салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын құрметтеуге және оқушылардың ой-өрісін дамытумен бірге талғампаздыққа, әсемдікке баулу. «Салтым-салтанатым, дәстүрім-діңгегім» атты мерекелік іс-шара 1 - сынып мұғалімдерінің бастамасымен жоғарғы деңгейде өтті. Әр сынып ауыл-ауылға бөлінді. Ата-аналар таңдалған дәстүрлерін көрсетіп, оқушылар өз өнерлерін ортаға салды: 1 “А” сыныбы “Ынтымақ” ауылы беташар дәстүрі 1 “Б” сыныбы “Достық” ауылы - шілдехана дәстүрі 1 “В” сыныбы “Бірлік” ауылы - қырқынан шығару дәстүрі 1 “Г” сыныбы “Татулық” ауылы - бесікке салу дәстүрі 1 “Д” сыныбы “Ырыс” ауылы - тұсау кесер дәстүрі 1 “Е” сыныбы “Береке” ауылы - қыз ұзату дәстүрін көрсетті.Мерекелік шара сайыс түрінде ұйымдастырылып, «Ең үздік сахыналық қойылым», «Талантты ата-аналар», «Мың бұралған бишілер» және т.б. номинациялармен марапатталды.
Құрметті әріптестер, оқушылар және ата-аналар! Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі. Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт - береке әкелсін! Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр адамға шат көңіл, бақыт және береке сыйласын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Ізгі ниетпен, №62 мектеп-лицейінің ұжымы!
Құрметті, ата-аналар! 1-сыныпқа құжат қабылдау 1 сәуірде басталады. Құжат қабылдау egov.kz порталы арқылы немесе қағаз жүзінде мектепке қабылданады. Мектепке келесі құжаттарды тапсырасыздар: 1. Денсаулық паспорты 2. 063 форма 3. Туу туралы куәлігінің көшірмесі 4. 2 дана фото ¾ Онлайн өтініш берілгеннен кейін 24 сағаттың ішінде құжаттарды мектепке тапсыру керек.
5-6 сынып оқушылары арасында үстел теннисі бойынша қалалық жарыс өтті. Жарыс қорытындысы бойынша мектебіміздің командасы жүлделі 2 орынға ие болды. Жаттықтырушы Дөрбетхан Ерлан. Жеңімапаздарды мектебіміздің директоры А.Б. Букушев жеке құттықтады.

Қазақтың көрнекті ақыны, Алаш қозғалысының қайраткері, қазақ әдебитінің жарқын жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған "Мен жастарға сенемін" атты челлендж басталды.