Ақпарат

9 ақпан күні 9«а» сыныбында тарих пәні мұғалімі Нугуманова Ж.Д. ұйымдастыруымен «Осы жұрт Атилланы біле ме екен ?» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: Аттила туралы ежелгі авторлардың пікірлеріне талдау жасай отырып, Аттиланың тарихтағы орнына баға беру. «Дөңгелек үстел» барысында оқушыларға Атилла туралы видеосабақ көрсетілді. Оқушылар батыс ғұн тайпалар одағының аты аңызға айналған көсемі туралы деректерге сүйене отырып, Атилланың өмірі, Еуропаға жорығы, Еділ ханзаданың тарихтағы алар орны туралы пікір алмасты. Дөңгелек үстелге мектеп директоры Букушев А.Б., директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Сармолда С.А. және Атилла клубының жетекшісі, география пәні мұғалімі Тургамбекова А.Б. қатысты. Ғұн империясының даңқын аспанға шығарған жаужүрек Еділ қағанның адамзат тарихында өзіндік орны бар тарихи тұлға екенін кейінгі ұрпағымыз ұмытпауға тиіс.
10 ақпан күні мектебімізде ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өтті. Ауғанстан аумағынан әскерлердің шығарылуы жыл сайын 15 ақпанда атап өтіледі, өйткені дәл осы күні 1989 жылы Ауғанстандағы Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің соңғы бөлімшелері Ауғанстан Демократиялық Республикасының аумағынан шығарылды. Кездесу барысында мектебіміздің 10-11 сынып оқушылары ардагерлерге сұрақтар қойып, ашық әңгіме жүргізді. Кездесуде білім алушылар қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Ардагерлер өз ойларымен бөлісіп қана қоймай, қазіргі жастарға бейбіт өмірді сақтауға, түрлі арандатушылыққа бой алдырмауға, Отанды қорғауға дайын болуға шақырды. Осы іс-шараны ұйымдастырып, ардагерлердің алдында өнерлі оқушыларды дайындаған мектебіміздің география пәні мұғалімі, педагог-шебер Тургамбекова Алма Базаргалиевна
Математика, информатика және физика пәндері апталығында 7«А» сыныбында «Қысқаша көбейту формулалары» тақырыбымен ашық сабақ өтті. Сабақ барысында, рондом топқа бөлу әдісі, формулаларды қайталау мақсатында Kahoot платформасында сұрақ-жауап әдісі, жеке жұмыс, жұптық жұмыс және топтық жұмыстар орындалды.Сергіту сәті қызықты әрі пайдалы ұйымдастырылды. Кері байланыс Answergarden платформасында жүргізілді. Оқушылар сабаққа белсене қатысып, білімдерін шыңдады. Пән мұғалімі: Бейбітхан К.
Bala Qorgau жобасы-оқушыларға және олардың ата-аналарына көмек Зорлық-зомбылыққа ұшыраған, жақын адамынан айырылған, күйзеліске ұшыраған және қолдауды қажет ететін балалар мен ата-аналарға психологиялық көмек Егер де оқушы мектепте немесе үйде қиын жағдайға душар болса және де ондай жағдайда не істеу керек екендігін білмесе, оны тыңдап ақыл-кеңес беретін үлкен адамның көмегі керек болса, онда бала bala.gov.kz сайтында өзін мазалаған сұрақтарға жауап ала алады немесе консультантқа тікелей сұрақ қоя алады, ол оқушыға хабарласып көмек көрсетеді.
Мектеп директоры Букушев А.Б. 5-7 қазақ сыныптарының ата-аналарымен кездесіп, жиналыс өткізді. Жиналыстың мақсаты ата-аналар қауымын мектебімізде атқарылған істермен таныстырып, алдағы уақытта жоспарланып отырған іс-шаралармен таныстыру. Жиналыс барысында мектеп басшысы ата-аналарды 2021 жылдың бюджеті және сол жылы атқарылған іс-шаралармен таныстырды, мектепке қандай заттар алынды, қандай жөндеу жұмыстары жүргізілгендігі жайлы айтты. 2022 жыл бойынша да толық бюджет бойынша есеп беріліп, ағымдағы жөндеу жұмыстары барысында салынған жаңа линолеумдарды және заманауи STEM-кабинетін көрсетті. Бұл кабинеттің ерекшелігі жайлы айтты. Ал 2023 жылы тағы да осындай жаңа заманауи кабинеттер алыну жоспарланып отыр. Және де спорттық жабдықтарды да жаңалау жоспарлануда. Жиналыс барысында жалпы мектептің қвржысынан мектеп мұғалімдерінің жалақысына қанша қаржы жұмсалатыны, коммуналдық төлемдер, 1-4 сынып оқушыларының тегін тамақтануы, әлеуметтік осал топтағы отбасында тәрбиеленетін оқушыларға көмек, электронды платформаларды сатып алу бойынша есеп берілді.

9 «а» сынып оқушылары арасында «Экологиялық проблемаларды шешу жолы бар ма?» тақырыбында дебат өткізілді.

Қоғамның әлеуметтік және саяси бағытталған азаматтарын қалыптастыру мақсатында «№62 мектеп –лицейінің» 10 «А» сынып оқушылары арасында “Оқитын адам ойлаушы тұлға” тақырыбында дебат өткізілді.

Тарих бірлестігінің онкүндігі аясында 22-желтоқсан күні тарих пәні мұғалімі Нугуманова Ж.Д. ұйымдастыруымен «Қазақстан 2050жылы бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосыла ала ма?» тақырыбында дебат өткізілді.

Сегодня в ШЛ № 62 среди учащихся 1-11 классов прошли кл. часы на тему «Я патриот своей страны!», «Мой Казахстан – мое будущее!».

Детский кинематограф должен стать отдельной отраслью отечественной индустрии.

Сегодня дети являются не только потребителями продукции медийных средств, но и ее создателями.

Республика күніне орай №62 мектеп-лицейінде 9-сыныптар арасында «Ұлы дала батырлары» атты деректі фильм көрсетілді.