Қазақстанда 2014 жылдан бастап қыркүйектің әр соңғы жексенбісінде Еңбек күні атап өтіледі. Бұл өзінің адал еңбегімен егемен еліміздің экономикасының негізін қалаған, сондай-ақ «Жалпыға ортақ еңбек қоғамын» дамытуға үлес қосқан еңбекқор жандарға алғыс білдіруге арналған мереке.

Еңбек күні әлемнің 100-ден астам елінде атап өтіледі, ал кейбір елдерде ол мемлекеттік мереке мәртебесіне ие. Қазақстанда биыл мереке 29 қыркүйекке сәйкес келеді.

Жыл сайын Еңбек күнін мерекелеу қарсаңында түрлі іс-шаралар өткізіледі, оның мақсаты қоғамдағы «Еңбек адамы» мәртебесін арттыру және еңбек өнімділігін ынталандыру; кәсіпорындар мен ұйымдарда жаңа еңбек әулеттерін қалыптастыру үшін еңбек адамдары туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру, сондай-ақ жастарды еңбекке құрметпен қарау, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту рухында тәрбиелеу.

Сондай-ақ, өңірлерде еңбек ардагерлері, өндіріс озаттары және т.б. алғыс хаттармен және өзге де көтермелеу шараларымен марапатталады.

«Еңбек күні – күнтізбедегі атаулы күн болғанымен бірге, бұл жұмыс сапасының көрсеткіші. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде сапалы жұмыс орындарының санын ұлғайту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде, атап айтқанда, олар: бұл тұрақты жұмыспен қамту, қауіпсіз жұмыс ортасы, еңбекақының лайықты деңгейі, әлеуметтік кепілдіктер.

Еңбек күніне арналған сынып сағаты – бұл оқушыларға еңбек құндылығын түсіндіру, еңбек адамдарын құрметтеуге тәрбиелеу, олардың еңбектегі табыстарын үлгі ету мақсатында өткізілетін тәрбие сағаты.

2025 жылдың 22 қыркүйегінде 1-11 сыныптарда Еңбек күніне орай «Жетістік формуласы: «еңбек – төзім – мақсат» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өтті.

Еңбек күні сынып сағаты – оқушылардың бойында еңбексүйгіштік, жауапкершілік, адалдық қасиеттерін қалыптастыруға, еңбек адамының қоғамдағы рөлін түсіндіруге бағытталған, тәрбиелік мәні зор сыныптан тыс іс-шара.

Мақсаты:

  • Оқушыларға еңбек ұғымының мәнін ашу;
  • Қоғамдағы әрбір мамандық иесінің еңбегін құрметтеуге үйрету;
  • Жауапкершілік пен еңбекқорлық қасиеттерін тәрбиелеу;
  • Қазақстандағы Еңбек күні мерекесінің (қыркүйектің соңғы жексенбісі) маңызын түсіндіру.

Сынып сағатында:

  • «Еңбек – өмірдің негізі» тақырыбында әңгіме жүргізу;
  • Еңбек адамдарын таныстыру (ата-аналар, ауылдағы не қаладағы еңбек майталмандары);
  • Мақал-мәтелдер, өлеңдер, бейнематериалдар қолдану;
  • Топтық жұмыс, пікірталас, сұрақ-жауап ұйымдастыру.