Кеш барысында Мұқағали Мақатаев өлеңдері мәнерлеп оқылып, ақынның өмірі мен шығармашылығы таныстырылды. Оқушылар ақын жырлары арқылы туған жерге деген махаббатты, адамгершілік пен шынайылықты сезіне алды.

Мұқағали поэзиясы – жүрекке жақын, тілге жеңіл, мағынасы терең мұра. Ақын жырлары әрдайым өзектілігін жоғалтпайды. Осындай кештер арқылы біз ақын мұрасын қастерлеп, кейінгі ұрпаққа насихаттаймыз.

Қорыта айтқанда, Мұқағали өлеңдерін оқу кеші – рухани әсерге толы, тәрбиелік мәні зор, мазмұнды іс-шара болды.