1–11 сынып оқушыларының бірыңғай гигиеналық талаптарды сақтауын қамтамасыз ету бойынша.
Мектепте оқу жылы барысында медициналық қызметкерлер тарапынан оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілді.
- Санитарлық-гигиеналық жағдайды бақылау
Оқу кабинеттерінде жарықтандыру, температуралық режим және желдету талаптарының сақталуына тұрақты мониторинг жүргізілді. Асхананың санитарлық жағдайы мен ауыз су режимі, спорт залы мен санитарлық бөлмелердің тазалығы бақылауға алынды. Оқушыларды көру қабілеті мен бой ерекшеліктеріне сәйкес отырғызу ұйымдастырылды.
- Профилактикалық жұмыс
Оқушылар арасында жеке бас гигиенасын сақтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда, «Оқушының жеке бас гигиенасы», «ЖРВИ және тұмаудың алдын алу», «Салауатты өмір салты», «Қызылша: белгілері және алдын алу» тақырыптарында әңгімелер мен дәрістер өткізілді.
- Медициналық тексерулер
Емхана мамандарымен бірлесіп 8–10 сынып оқушыларына жоспарлы профилактикалық медициналық тексерулер ұйымдастырылды. Тексеру барысында оқушылардың физикалық дамуы (бойы, салмағы, дене қалпы) бағаланып, денсаулық топтары анықталды және дене жүктемесіне шектеуі бар балалар есепке алынды.
- Эпидемиологиялық жағдай кезіндегі жұмыс.
Оқушылардың сабаққа қатысуы мен аурушаңдығына күнделікті мониторинг жүргізілді. Жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында санитарлық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, мектепте дезинфекциялық режимнің сақталуы қамтамасыз етілді.
Қорытындылай келе, жүргізілген жұмыстар оқушылардың денсаулығын сақтау, аурушаңдықты төмендету және мектепте қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталды.
Осы ақпаратқа өткізілген іс-шараларды растайтын фото және бейнематериалдар, сондай-ақ есептік құжаттар қоса беріледі.








