2026 жылғы 10 сәуірде мектебімізде «Жасанды интеллект ғылыми таным құралы ретінде: зерттеуден мектептегі білім беруге дейін» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты – жасанды интеллекттің ғылыми танымдағы рөлін айқындау, оның зерттеу қызметіндегі мүмкіндіктерін көрсету және білім беру үдерісіне тиімді енгізу жолдарын талқылау.
Семинарға мектеп педагогтерімен қатар серіктес білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты. Семинар барысында қатысушылар жасанды интеллектті оқыту процесінде қолданудың өзекті мәселелерін талқылап, оның оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамытудағы және зерттеушілік дағдыларын қалыптастырудағы маңызын атап өтті.
Семинар бағдарламасы мазмұнды әрі тәжірибеге бағытталған болды. Қатысушылар педагогтер мен оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының постерлік көрмесімен танысты. Сонымен қатар жасанды интеллектті білім беру тәжірибесінде қолдану бойынша баяндамалар тыңдалып, практикалық бөлімде заманауи цифрлық құралдармен жұмыс жүргізілді.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар ұсынылған тәжірибенің маңыздылығын жоғары бағалап, алдағы уақытта инновациялық технологияларды білім беру үдерісіне кеңінен енгізуге дайын екендіктерін білдірді.
Осындай іс-шаралар педагогтердің кәсіби дамуына ықпал етіп, білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
