22 мамыр күні мектепте «Akelius» жобасы аясында «Жаңа технологиялар арқылы тіл үйрену» тақырыбында тәжірибелік семинар ұйымдастырылды. Семинардың негізгі мақсаты – заманауи цифрлық платформаларды тиімді пайдалану арқылы оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту және педагогтердің тәжірибе алмасуына жағдай жасау.

Іс-шара барысында Жандос Сайлауұлы Мырзабеков педагогтерді «Akelius» білім беру платформасының мүмкіндіктерімен таныстырып, тіл үйретудегі тиімді әдіс-тәсілдермен бөлісті. Қатысушылар интерактивті тапсырмалар, цифрлық ресурстар және оқушылардың қызығушылығын арттыруға бағытталған инновациялық технологиялардың қолданылу ерекшеліктерін талқылады.

Қатысушылар жаңа технологиялардың тіл үйрену үдерісіндегі маңыздылығын атап өтіп, оқыту сапасын арттырудағы тиімділігін көрсетті.

Семинар қорытындысында педагогтер заманауи білім беру технологияларын оқу үдерісіне енгізудің маңызын атап өтіп, алдағы уақытта да тәжірибе алмасу жұмыстарын жалғастыруға ниет білдірді.