Іс-шаралар
Республика көлемінде Шахмат ойнау челенджі алғаш рет ұйымдастырылды. Осы аталған челенджге мектебіміз өз үлесін қосты. Челендждің мақсаты - шахмат арқылы балалардың зияткерлік және ақыл-ой қабілеттерін дамыту. Аталған танымал спорт түрі ары қарай жалғасын табады.
Біздің оқушыларымыз Баянов Родион, Черняк Роман және Пархоменко Виктория үстел теннисінен қалалық турнирге қатысты. Біздің дарынды оқушылар турнирде жеңіске жетіп, жүлделі орындарға ие болды! Черняк Роман мен Баянов Родион 1 орынды, ал Пархоменко Виктория жүлделі 3 орынды иеленді. Біз шәкірттерімізді мақтан тұтамыз және олардың жаттықтырушысы Дөрбетхан Ерланға турнирге дайындағаны үшін алғыс айтамыз. Спорт тек денсаулық емес, сонымен қатар тәртіп, табандылық және командада жұмыс істей білу екенін атап өткіміз келеді. Біз оқушыларымыздың спорттық және салауатты өмір сүруін қолдаймыз және олардың осы салада табысқа жетуіне тілектеспіз!






Ғылыми-жобала мен олимпиадаларға қатысатын оқушылар ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция барысында оқушылар өзін-өзі бағалау, қарым-қатынас дағдыларын арттыру, алаңдаушылық деңгейін жеңілдету, сондай-ақ қиын жағдайларда сенімді мінез-құлыққа тәрбиелеу мақсатында мектеп психологы Борсукбаева Б.Ж. өткізді.








Мектебіміздің 9 сынып оқушылары "Талдыкөлдің қазіргі жағдайы" тақырыбында Руслан Оразалиевпен кездесу өткізді. РУСЛАН ОРАЗАЛИЕВ
АСБК ғылыми қызметкері
"SOS Taldykol" им және "Menin Elim Dala"ҚБ сарапшысы.
Мектебіміздің 9 "Б" сынып оқушылары Тулегенова Салтанат пен Дидар Айша Талдыкөлдің қазіргі жағдайын зерттеп, ғылыми жоба жазу үстінде.
Ғылыми жобаның жетекшісі география пәні мұғалімі, педагог-шебер Тургамбекова Алма Базаргалиевна.
Алма Базаргалиевна мен оқушыларымызға зерттеу барысында сәттілік тілейміз.








Математика пәнінен 3-4 сыныптар арасында өткізілген "Алтын Сақа" олимпиадасының қорытыныдсы бойынша мектебіміздің 3 "М" сынып оқушысы Семикопов Михаил грамотаға, 4 "И" сынып оқушысы Скайратян Эдуард 3 орын, 4 "О" сынып оқушысы Шайхислям Әбілқайыр 3 орынға, 3 "З" сынып оқушысы Газдиев Абдулла 3 орынға ие болды.








Шаттық 2023ж байқауының қорытындысы бойынша мектебіміздің қоржынына түскен жүлделер!!!
✅ Алтын медаль иегері Әбдірахман Дария, жетекшісі Омарова Гайни Мукановна
✅ Қола медаль иегері Рамазан Мөлдір жетекшісі Делегат Айман.
✅ Дипломант: Жарова Нұрай, жетекшісі Мадибекова Салтанат Зиятбековна.
✅Дипломант: Бурахан Айым, жетекшісі Делегат Айман.
✅Дипломант: Нишанбай Сабира, жетекшісі Делегат Айман.








Көктемнің шуақты күндерімен бірге келетін , Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі мектебімізде 1 - сыныптар арасында жоғары жауапкершілікпен атап өтілді.
Мерекенің негізгі мақсаты: оқушыларға Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі туралы мағлұмат беру, еліміздің салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын құрметтеуге және оқушылардың ой-өрісін дамытумен бірге талғампаздыққа, әсемдікке баулу.
«Салтым-салтанатым, дәстүрім-діңгегім» атты мерекелік іс-шара 1 - сынып мұғалімдерінің бастамасымен жоғарғы деңгейде өтті. Әр сынып ауыл-ауылға бөлінді. Ата-аналар таңдалған дәстүрлерін көрсетіп, оқушылар өз өнерлерін ортаға салды:
1 “А” сыныбы “Ынтымақ” ауылы беташар дәстүрі
1 “Б” сыныбы “Достық” ауылы - шілдехана дәстүрі
1 “В” сыныбы “Бірлік” ауылы - қырқынан шығару дәстүрі
1 “Г” сыныбы “Татулық” ауылы - бесікке салу дәстүрі
1 “Д” сыныбы “Ырыс” ауылы - тұсау кесер дәстүрі
1 “Е” сыныбы “Береке” ауылы - қыз ұзату дәстүрін көрсетті.Мерекелік шара сайыс түрінде ұйымдастырылып, «Ең үздік сахыналық қойылым», «Талантты ата-аналар», «Мың бұралған бишілер» және т.б. номинациялармен марапатталды.
Құрметті әріптестер, оқушылар және ата-аналар!
Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі.
Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт - береке әкелсін!
Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр адамға шат көңіл, бақыт және береке сыйласын!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Ізгі ниетпен, №62 мектеп-лицейінің ұжымы!
5-6 сынып оқушылары арасында үстел теннисі бойынша қалалық жарыс өтті. Жарыс қорытындысы бойынша мектебіміздің командасы жүлделі 2 орынға ие болды.
Жаттықтырушы Дөрбетхан Ерлан.
Жеңімапаздарды мектебіміздің директоры А.Б. Букушев жеке құттықтады.




«Сөз додасы» дебат клубының ұйымдастыруымен «Байқоңыр бағымыз ба, сорымыз ба?» тақырыбында дебат турнирі өткізілді. Дебатқа 9«в» сынып оқушыларынан құралған (Мыңбай Д. Кенжибулатов Р., Турганалиева А) «Зымыран» тобы және 9 «г» сынып оқушыларынан құралған (Абдумуталипова Л., Дәуренқызы А., Ахмедова А.) «Магеллан» топтары қатысты. 9 «А» сынып оқушылары Калимова Д. дебат ойынына төрешілік етіп, кемшіліктер мен артықшылықтарды айтып, жеңімпазды анықтауға тырысса, тайм-кипер Шестакова Д. дебат ойынында спикердің сөз сөйлеу уақытын көрсетіп, уақыт регламентін қадағалап отырды. Дебат турниріне қатысушы спикерлер адамды алғаш ғарышпен табыстырған Байқоңыр ғарыш айлағының пайдасы мен зиянды жағы және Қазақстандық қоғамда орын алған өзекті мәселелі жағдайларды талдап, өз көзқарастарын, нақты мәселелерді шешу жолдары мен тетіктерін табуға тырысты. Шешендік өнері сынға түскен екі топта бір-бірінен қалыс қалмады. Дебат соңында ой ұшқырлықтарын көрсете білген 9 «Г» сыныбынан құралған «Магеллан» тобының спикерлері жеңімпаз деп танылды. Білім алушылардың жалпы мәдени ой-өрісін кеңейту, оқушылар арасындағы академиялық білім деңгейін көтеру, білім алушылардың шешендік сөйлеу өнері дағдыларын қалыптастыруда дебат клубының берері көп.
1 наурыз Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні атап өтіледі.
Азаматтық қорғаныс (АҚ) — бейбіт және соғыс уақытында Қазақстан Республикасы аумағын және халқын заманауи зақымдаушы құралдардан, табиғи және техногенді төтенше жағдайлардан қорғау бойынша жалпы-мемлекеттік іс-шаралар кешенін орындауға міндетті азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің құрамдас бөлігі.
Біздің де мектеп Азаматтық қорғаныс бойынша белсенді жұмыс атқарып келеді. Мектебімізде Азаматтық қорғанысқа арналған кабинет бар және де әр жыл мезгілінде мектепте азаматтық қорғаныс бойынша эвакуациялау жұмыстарын жүргіземіз.
Азаматтық қорғанысқа арналған кабинетте стендтер орнатылған. Бұл стендттерден оқушылар жалпы азаматтық қорғаныс жайлы мәлімет береді, төтенше жағдайлар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету, қаланың су айдындарында авариялық-құтқару және іздестіру жұмыстары жайлы білуге болады.
Сонымен қатар мектебімізде 24 қараша күні "Қыс-2022" Республикалық командалық штабтық оқу-жаттығу жұмыстары өтті. Оқу-жаттығудың тақырыбы: Қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау.
Сонымен қатар мектебіміздің Жас сарбаздар ұйымы Азаматтық қорғаныс бойынша қалалық өрт сөндіру бөлімдеріне экскурсияға барып, өрт сөндірушілердің жұмысымен танысты. Сондай-ақ оқушылар мұражайда Азаматтық қорғаныс қызметкерлерінің жұмысы және тарихын зерттеді.
Осылайша біздің №62 мектеп-лицейіміз Азаматтық қорғаныс бойынша белсенді жұмыс атқарады деп айта аламыз. Соңғы басқа елдерде болып жатқан табиғи апаттар, әр мектепте Азаматтық қорғаныс жұмысына үлкен назар аудару керектігін дәлелдейді. «Сақтансаң – сақтаймын!», деген қорғасын ойды санамызда қорытып, амалымызға айналдырайық. Ешқашан да біздің елімізде апаттар болмасын деп тілейміз.









