Іс-шаралар

16-27-қаңтар аралығында “Қазақ тілім-өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім” атты онкүндік аясында 10-11 сыныптар арасында “Ахмет-ұлт ұстазы” тақырыбында эссе жаздырды. Эссенің мақсаты,оқушылардың тілдін және әдебиеттік білімдері мен өзінің таным, түйсік, көзқарасының тәжірбиелеріне сүйене отырып өз ойын жүйелі, әдеби тіл қалыбында бере білуге машықтандыратын жазба тәжірбиелік жұмыстың бірі. Жас ұрпаққа білім беруде олардың пәнге деген көзқарасын қалыптастыру үлкен рөл атқарады. Эссе жазу оқушылардың ой-қабілеттерін арттыра түсетіні белгілі. Эссе жазу барсында төмендегі оқушылар өз деңгейінде эссе жазады. 1.Болат Жанерке 2.Ырыскелді Дана 3.Шүйншбай Саяжан 4.Даулетбеков Жанибек 5.Есімқұл Әкежан
16-27.01 аралығында “Қазақ тілім-өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім” атты онкүндік аясында “Анам-асылым” ақындар мүшәйрасы(өлең шығару) Мақсаты: жеке тұлғаны қалыптастыруда, оқушы қарапайым ой тұтатып, қиял, әлеміне шомылып кез келген нәрсеге өз ұсынысын, өз ойын еркін білдіре алуына ықпал жасау. Білім алып жүрген талантты жазба ақындар өз өлендерімен анаға деген суйіспеншілігін жеткізумен қатар мемлекеттік тіл мәртебе бәріненде жоғары екендігін өлең жолдарына қосып, тәнті етті.
“Қазақ тілі мен әдебиет” пәндер аптылығының аясында 6 “Б” сыныбында Дайырова А.И “Қазақстан көлдері. Болымсыздық есімдік” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқушылар “Wordwall” бағдарламасы арқылы топтасып, сабақ барысында “РРР” әдісін қолдану арқылы топтық,жұптық,жеке жұмыс жасады. Сабақ соңында “Padlet” бағдарламасы арқылы оқушылар кері байланыс берді.
Бүгін 2023 жылдың 27 қаңтарында 1-4 бастауыш орыс сыныптары арасында "Дос іздеген бота" ертегісі сахналанды. Оқушылар өз рөлдерін жоғары деңгейде, үлкен шеберлікпен орындап шықты. Сахналық қойылымда белсенділік танытқан әр оқушы ынталандыру сыйлығына ие болды. Мемлекеттік тілдің мәртебесі қашанда арта берсін. Сахналық қойылымға атсалысқан бастауыш қазақ тілі мұғалімдеріне үлкен алғыс.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Халенова Мадина Амангельдиновна және Құсаинов Кабдулкарим Айтмаганбетович. Мағжан Жұмабаевтың 130 жыл толуына орай «Мен жастарға сенемін» атты тақырыптық апталықта 10 «В,Г» сынып оқушыларының арасында дөңгелек үстел іс-шарасы өткізілді. Қазақтың ұлттық ақыны Мағжан Жұмабаев өмірі,шығармашылығы туралы оқушылардың ойын дамытуға,сөйлеу қабілеттілігін арттыруға, ұлтын сүюге тәрбиелеу жұмысын жүргізілді.Оқушылар іс-шараға өте белсенді қатысып сұрақ-жауаптар арқылы және Мағжан Жұмабаевтың өлеңін мәнерлеп жатқа оқығандар,10 «Г» сынып оқушылары: Жексембекова Дарина «Мен жастарға сенемін».Бузылёва Рубина «Ана», Черняева Елизавета «От». 10 «В» сынып оқушылары белсенді сұрақтарға жауап бергендер : Тилебалдиева Асема, Зияш Диана, Солоник Юлия, Жаксылыков Мухамед. Іс-шараны әдемі ән-күймен толықтырған оқушылар 9 «Г» сынып оқушысы Абдумуталипова Лаура «Біздің жақта», «Халяулім» әнін орындаса, Карбай Амина 10 «В» сынып оқушысы қобызбен әсем күй орындады. Мектеп диреторы Букушев Асылбек Бейсенбаевич оқушыларға Алғыс хат беріп сөз сөйледі. Іс-шара өте толық маңызды, қызықты болып өтті.
Бүгін Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерей тойына орай "Мен жастарға сенемін" тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ апталығында "Қазақ тілі " 2 сынып оқулығының авторлары: Каирбекова А.И., Нукебаева Б.С., Мухамеджанова А.К. кездесу өтті. Оқулық авторларына сұрақтар қойып, қызықты мәліметтермен бөлісті. Бұл кездесуде 2-сынып оқушылары мен ата-аналары сабаққа белсенді қатысып, өз білімдерін жоғары деңгейде көрсетті.
М.Жұмабаевтың 130 жыл толуына орай "Мен жастарға сенемін" атты тақырыптық апталығында "Жүзден жүйрік" интеллектуалды сайысты қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ахметова А.А. 7 сыныптар арасында өткізді. 7 сынып оқушылары интеллектуалды сайысқа белсене қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Жүлделі орын алған оқушылар грамота және алғыс хаттармен марапатталады. 1-орын- «Жаңа ұрпақ» (7 «3» сыныбы) тобы; 2-орын- «Жүректілер» (7 «Л» сынып) тобы: 3-орын- «Болашақ» (7 «Ж» сынып) тобы иеленді.

23 желтоқсан күні Тарих бірлестігінің онкүндігінің жабылу салтанаты ретінде тарих пәні мұғалімі Нугуманова Ж.Д. ұйымдастыруымен 8-10 сынып оқушылары арасында «Тарих толқынында» атты театрландырылған көріністер байқауы өтті.

Мектебімізде Аттила клубы 2020 жылдан бері жұмыс істейді. Қаншама іс -шара өтті. Жоспарға сәйкес қараша айында өтетін іс- шарамыз бүгін өтті.

Бүгін, қыркүйектің 5- і «Тіл білімнің атасы» Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ халқының ұлы көсемі Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.

Бейбіт күнде жарқырай түскен қыркүйектің шуақты күні мектепке алғашқы қадам басқан бүлдіршіндерді еріксіз аялады.