Іс-шаралар
Математика, информатика және физика пәндері апталығында 7«А» сыныбында «Қысқаша көбейту формулалары» тақырыбымен ашық сабақ өтті. Сабақ барысында, рондом топқа бөлу әдісі, формулаларды қайталау мақсатында Kahoot платформасында сұрақ-жауап әдісі, жеке жұмыс, жұптық жұмыс және топтық жұмыстар орындалды.Сергіту сәті қызықты әрі пайдалы ұйымдастырылды. Кері байланыс Answergarden платформасында жүргізілді. Оқушылар сабаққа белсене қатысып, білімдерін шыңдады. Пән мұғалімі: Бейбітхан К.












“Қазіргі жастарда патриоттық рух бар ма?” тақырыбында 9 “А” сыныбында дебат ұйымдастырылды.
Бүгінгі Қазақстанның тәуелсіздігінің нығаюы мен дамуының обьективті шарттарының бірі – ол осы қазақстандық патриотизм. Отансүйгіштік деген ұғым өзің жаралған топырақ пен өскен ортаға деген ізгі сезімді білдірмейді, аясы әлдеқайда кең ұғым. Елдік, бірлік, халықтық қасиет-қазыналарды қастерлеу мен ертеңге деген берік сенім сияқты сезімдерді оятатын да осы отансүйгіштік. Оның қоғам дамуында айырықша орын алатын құдіретті рухани факторға айналуының сыры да осында жатыр. Жас ұрпақтың бойында саяси мәдениетті қалыптастыру үшін дебат клубының берері көп.








Бүгін мектебімізде 5 сыныптар арасында “Оқуға құштар мектеп, оқуға құштар ұлт” жобасы аясында мектепішілік “Бір сынып, бір кітап” тақырыбында оқыған шығармаларынан көрініс қою байқауы өтті.
Мақсаты: Өскелең ұрпақтың оқу сауаттылығын арттыру, кітап оқуға деген қызығушылығын ояту, мәдениетін қалыптастыру, кқркем шығармаларды насихаттау, кітапханаға келуші оқырман санын ұлғайту.
Өткізілген іс-шарада оқушылар шығарма мазмұнына сай өз өнерлерін ортаға салды. Оқушылардың өнерлерін тамашалап, әділқазылар алқасы байқау соңында жүлделі орындармен марапаттады.
1 орын 5 “А” сыныбы
2 орын 5 “Б, Д” сыныптары
3 орын 5 “В, Г” сыныптар иеленді.
Ұйымдастырып, атсалысқан сынып жетекшілерге алғыс білдіреміз! Жоба жұмысы жалғасын тауып, оқырмандар саны көбейеді деген сенімдеміз.






















6 сыныптар арасында “Оқуға құштар мектеп, оқуға құштар ұлт” жобасы аясында мектепішілік “Бір сынып, бір кітап” тақырыбында оқыған шығармаларынан сахналық қойылым қою байқауы өтті. Мұхтар Мағауиннің "Бір атаның балалары" шығармасынан үзінді көрсетті.
Мақсаты: М.Мағауиннің өмірі мен шығармашылығы жөнінде мағлұмат бере отырып, шығармадағы Ахмет шал мен Зекен бойындағы өнегелі қасиеттерді үлгі ету. Оқушыларға шығарма кейіпкерлерін сомдата отырып, шығармашылыққа баулу, сөйлеу шеберліктерін шыңдау, әртістік қабілеттерін дамыту. Балаларды адамгершілікке, бауырмалдыққа, достыққа тәрбиелеу.
Оқушылардың өнерлерін тамашалап, әділқазылар алқасы байқау соңында жүлделі орындармен марапаттады.
1 орын 6 “Б” сыныбы
2 орын 6 “А” сыныбы
3 орын 6 “В, Г” сыныптары иеленді.
Ұйымдастырып, атсалысқан сынып жетекшілерге алғыс білдіреміз! Жоба жұмысы жалғасын тауып, оқырмандар саны көбейеді деген сенімдеміз.
















Мектебімізде «Бір сынып – бір кітап» байқауы жалғасын табуда. Кітап – ақылшы дос, асыл қазына. Кітап жайында қандай теңеу айтсаң да артық етпес. Кітап арқылы оқушылардың шабыттанатыны да рас. Осыған орай, «Бір сынып – бір кітап» байқауы 7 сыныптар арасында Б. Соқпақбаевтың “Балалық шаққа саяхат” әңгімесінен үзінділер көрсетті. Мақсаты: Қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын дамыту. Ойлау қабілеттерін, көркем жеткізе білу дағдыларын дамыту. Елжандылыққа тәрбиелеу.
Әділқазылардың шешімі бойынша жүлделі орындар берілді. 1 орын 7 "А,Г" сыныптары иеленді 2 орын 7 "Б,В" сыныптары иеленді 3 орын 7 "Д" сыныбы иеленді Ұйымдастырып, атсалысқан сынып жетекшілерге алғыс білдіреміз!






















Мектебімізде «Бір сынып – бір кітап» байқауы жалғасын табуда. 9 сыныптар арасында Бейімбет Майлиннің “Шұғаның белгісі”және Сайын Мұратбековтің “Жусан иісі” повестерін оқып сахналық қойылым көрсетті.
“Бұлақ көрсең, көзін аш” демекші, қаншама дарынды жастардың өнер айдынына еркін қанат қағып, самғау биігіне көтерілулеріне себепкер болу міндетіміз.
Байқау соңында әділқазылар алқасы жүлделі орындармен марапаттады.
1 орын 9 “А,В” сыныптары
2 орын 9 “Б” сыныбы
3 орын 9 “Г” сыныбы иеленді.
Оқушылардың актерлік шеберліктеріне тәнті болып, шыңдала берулерін тілейміз. Ұйымдастырушы сынып жетекшілерге алғыс білдіреміз!






Мектебімізде “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында 10 сыныптар арасында “Бір сынып, бір кітап” байқауы жалғасты. Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» романына мазмұндық талдау жасай отырып, шығарма тілінің көркемдік ерекшелігі мен жазушының образ сомдаудағы шеберлігін танытты.
Мақсаты: Адамгершілікке, ананы аялауға, адами, мәдени құндылықтарды бағалай білуге, ұлттық салт-дәстүрімізді құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылардың өнерлері өрге жүзсін, керемет қойылымның куәсі болдық. 1 орын 10 "А" сынып 2 орын 10 "Б" сынып иеленді Ұйымдастыруға атсалысқан сынып жетекшілерге алғыс білдіреміз!














8 сыныптар арасында “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында Бауыржан Момышұлының “Ұшқан ұя” романынан “Бір сынып, бір кітап” байқауында сахналық қойылым қою арқылы мазмұнына тоқталды. Байқау соңында жеңімпаздарды анықтап жүлделі орындармен марапатталды. 1 орын 8 "А" сынып
2 орын 8 "Б" сыныбы иеленді
Бауыржан Момышұлы ұлылығын терең сезіну, қайталанбас азамат тұлғасынан үлгі алу, Бауыржан шыншылдығын бойларына сіңірсе нұр үстіне нұр болар еді. Бабалар сөзін болашақ өмірімізге өнеге тұтып жүретін еліміздің отансүйгіш азаматтары сендерсіңдер, жас ұрпақ!












03.02.2023 ж. Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің онкүндігінің қорытынды "Мен жастарға сенемін" атты әдеби-музыкалық кеші өткізілді. Кеште он күн бойы өткізілген іс-шаралардан мектебіміздің ең үздік деп таңдалған талантты оқушылары ән-би, ұлттық аспаптарда күй тартып, сахналық қойылым мен атақты Мағжан атамыздың өлеңдерін нақышына келтіріп мәнерлеп оқып, өз өнерлерін көрсетті.
Кешке белсене қатысқан барлық оқушыларға алғыс хат табысталды.
Мектебімізде осындай іс-шаралар жалғасын таба берсін.
Мемлекеттік тіліміз - Қазақ тілінің мәртебесі арта түссін.
















Қазақ тілі – біздің тәуелсіз елідігіміздің еленуіне, зайырлы мемлекет болып қалануына тұрғызылып жатқан іргетас! Сондықтан, қазақ тілі арқылы еліміздің мәдениетін одан әрі дамыту жұмыстары біздің ынтымақтастығымыздың ең маңызды бағыты болмақ.
«Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім»
- деп жырлағандай, ана сүтімен бойына сіңетін ана тілін сүйіп, құрметтейтін ұлт ешқашан да жойылмақ емес. Осы мақсатпен 16 - 27 қаңтар аралығында №62 мектеп-лицейінің қазақ сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ 10 күндік апталық іс-шарасы өткізіледі.






30 қаңтар күні 62 мектеп-лицейінде орыс сыныбындағы қазақ тілі мен әдебиет пәнінің онкүндік аясында 5 сынып оқушылар арасында "Сөзмерген" танымдық ойын ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушылардың тіл тазалығын сақтау,мәдениетті сөйлеу,қазақ тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ат салысуға шақыру.
Сыныптан тыс іс-шараны орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері Мукашева А.А.Кулетова Ж.С өткізді. Танымдық сайысқа қатысушы топтар 6 кезең бойынша өз бақтарын сынады.Әрбір кезеңнің өзіндік ерекшелігі болды: Шапшандық кезеңі бойынша оқушылар сөздің құрамындағы әріптерді пайдаланып ,жаңа сөздер құрастыра білді.Суреттер сөйлейді кезеңінде мазмұнды суреттер бойынша сюжетті ,шағын әңгіме жаза білді. Көркем сөз оқу кезеңінде өлеңдерді нақышына келтіріп оқи білді және т.б. Сайыс қорытындысы бойынша әділ-қазылар алқасының шешімі бойынша көп ұпай жинаған ''Болашақ" тобы 1 орынға ие болып,мақтау қағазымен марапатталды. Сондай-ақ ,мың құбылта күй ойнағанды Аббас Айдын 'және көрермендер арасынан сұрақтарға толық жауап берген 5 К сынып оқушысы Аббасова Нұрай "Алғыс хат" марапаталды'. Танымдық ойын барысында ерекше көзге түскен Бейсенбаева Айназда "Алғыс хат" марапатталды.Жалпы "Сөзмерген" танымдық ойынға оқушылар белсене қатысып,әр тапсырмаға мұқият болды . Танымдық іс-шара оқушылар бойында тілге деген құрмет сезімін қалыптастырды .




















16-27.01 аралығында “Қазақ тілім-өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім” атты онкүндік аясында” XX ғасырдың басында ірі саяси тұлға, көрнекті қоғам қайраткері, аса ірі әдебиет теоретигі, ғұлама турколог, жаңа қазақ тілі білімінің негізін қалаушы -Ахмет Байтұрсынов.
Бүгінде, аталмыш тұлғаның айтулы мерейтойы 62 мектеп-лицейінде 9-сыныптар арасында Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай мектебімізде “Тіл білімінің атасы” Ахмет туралы әдеби-музыкалық кеш өткізілді.






